Алматының Үлкен айналма жолынан қанша қаражат түседі?
Ашылу салтанатында Алматының Үлкен айналма автомобиль жолының тым қымбат екендігі айтылды, деп деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ашылу салтанатында Алматының Үлкен айналма автомобиль жолының тым қымбат екендігі айтылды, деп деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Журналистердің «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік жолының бір шаршы шақырымына 1 млн доллар жұмсалған. Ал ҮАААЖ жолағының әр шақырымына 11 млн доллар жұмсалған. Бұл қалай?» деген сұрағына Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жауап берді.
Бұл - техникалық мәселе. Өздеріңіз қараңыздар, бұл - алты жолақты жол, ұзындығы да біршама. Техникалық деңгейі өте жоғары деп айтар едім. Бұл жолмен жүретін адамдардың саны да көп болмақ. Еліміздің экономикасына да оң серпін берері сөзсіз, - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
Сондай-ақ айналма жолдан қанша қаражат түсетіндігі айтылды.
Біздің есептеуіміз бойынша айналма жолмен күніне 35 мың көлік жүруі тиіс. Жыл сайын 5-10 млрд теңге көлемінде салық түсуі қажет. Жолдың әр шақырымына қанша төленеді? Ол ақы кіреберісте алына ма? Әлде жүріп өткен соң төлеуі қажет пе? Ол жағын әлі шешіп жатырмыз, - дейді ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.