Алматының тауларында қар көшкіні түсірілді

Бостандық және Медеу аудандарында "Алматы-Космостанция" және "Шымбұлақ-Мыңжылқы" автожолдарының учаскелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары "Үлкен Алматы" және "Кіші Алматы"өзендерінің бассейндерінде қар көшкіндерін профилактикалық түсіруді жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлығы 61 500 текше метр қар түсірілді, осылайша қар көшкінінің өздігінен түсу қаупін айтарлықтай төмендетеді.

"Алматы-Космостанция" және "Шымбұлақ-Мыңжылқы" автожолдарын жауып тастаған қар көшкіндері ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ күшімен тазартылды.

Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы тауларында қар көшкінінің 12 профилактикалық түсуі жүргізілді. Қардың жалпы көлемі-72615 м3.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан алынған кадр
Өзгелердің жаңалығы