Алматының шеткі аудандарында интернет сапасы жақсаратын болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев онлайн брифинг барысында айтты.

Жиын барысында ол қаланың шеткі аудандарын интернетпен қамтамасыз ету, сондай-ақ бірыңғай деректер қоймасы шеңберінде пилоттық жобаны іске асырылып жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Цифрландыру басқармасы «NLS Kazakhstan» ЖШС-мен бірігіп қаланың шетіндегі шағын аудандарды жоғары жылдамдықты интернетке, яғни оптикалық-талшық байланыс желісіне қосқалы отырмыз. Пилоттық жоба Түрксіб ауданындағы Нұршашқан шағын ауданы және Наурызбай ауданындағы Тастыбұлақ шағын ауданында іске қосылады, - дейді Қоңыров.

Қазір аталған шағын аудандарда кабель желісін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Сондай-ақ арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесінде 8 мың қала тұрғынынан интернетке қосылу жөнінде өтініш келіп түсіпті.

Халықты қолжетімді интернетпен қамту бойынша «NLS Kazakhstan» компаниясымен келісімшарт жасалды, олар жұртшылық үшін қызметті бөліп төлеу және арнайы тариф жобасын ұсынып отыр. Сондай-ақ бұл компания интернет жылдамдығы нашар өзге шағын аудандарға да оптикалық-талшық байланыс желісін қосатын болды, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы