Алматының сауда орындарының бірінде әйелдің басы табылды
Алматы полициясы әйелдің басын кесіп тастаған күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12 сәуір сағат 8:40-та 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
Ақпарат расталды. Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексерді: әйелдің басы кесілген болып шықты.
Оның жеке басы анықталды: 1976 жылы туған азамат, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді, - делінген хабарламада.
Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды.