11 Қаңтар 2022 2022, 09:13
Алматының қай аймақтары лаңкестерден тазартылғаны белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы комендатурасы кеше қаланың қай аймақтары лаңкестерден тазартылғанын хабарлады.
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы комендатурасы кеше қаланың қай аймақтары лаңкестерден тазартылғанын хабарлады.
Қаңтардың 10-да келесі аймақтар қылмыскерлерден тазартылды:
Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ «Өжет» ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 мың 237 қатысушысы ұсталған.
31 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 428 оқ-дәрі тәркіленді. Блок-посттарда 38 адам ұсталды. «102» басқару пультіне небәрі 608 хабарлама келіп түсті,-делінген хабарламада.
Комендатураның Кол-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 253-і дабыл түскен.