Бүгiн 2026, 20:24 Фото: видеодан скриншот

Алматыда саябақта жасөспірім қыздар тұрғындарға тап берген: Полиция тексеруді бастады

Алматы қаласындағы танымал демалыс орындарының бірі - 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта жаға ұстатарлық жағдай болды. Жасөспірім қыздар тұрғындарға шабуыл жасады.

Алматыда бірнеше жасөспірім қыз саябақта серуендеп жүрген тұрғындарға тиісіп, агрессия көрсеткен. 

Оқиға түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Аталған видеоға қатысты Медеу аудандық Полиция басқармасы тексеру жүргізіліп жатқанын айтты. 

Қаланың саябақтарының бірінде түсірілген бейнематериалда көрсетілген оқиға бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасымен тексеру жүргізілуде. Полиция қызметкерлері тарапынан заңнамада көзделген тиісті шаралар қабылданатын болады. Аталған жағдай бақылауда. Сонымен қатар полиция азаматтарға кез келген қолайсыздық тудыратын немесе айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер келтіруі мүмкін әдепсіз, орынсыз әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға және бір-біріне құрметпен қарауға шақырады, - деді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда бір топ жасөспірім қыз баланы соққыға жықты