Алматының патрульдік полицейлері ірі есірткі сатушыны ұстады
Күдікті сағат үш жарымда Алматы қаласының тұрғын алабында ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Буран-082 патрульдік экипажы Ақсай ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің ауласында ер адамды байқап қалды. Ол полиция қызметкерлерін көре сала, жасырынбақ болды.
Патруль қызметкерлері күдікті адамды ұстады. Ол өзімен бірге есірткі бар екендігін мойындады. Әуезов аудандық ПБ-ның тергеу-жедел тобы ұсталған азаматты жеке тінту барысында ұнтақты заты бар 80 дана полиэтилен байламдарын тәркіледі. Ұсталған адамның өзі байламдарда “жылдамдық” синтетикалық есірткі заты екендігін айтты. Сондай-ақ ол қаланың әртүрлі нүктелеріне шөпті таратушы екенін түсіндірді. Қазіргі уақытта тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел бөлімшелер қалаға есірткінің жеткізілу арнасын және таралу географиясын белгілейтін болады, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін ПД-да хабарлады.