Алматының орталығында пышақ ұстаған қарақшылар қызға шабуылдаған
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, "Қазақстан" қонақүйінің маңында қарақшылық әрекет болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Белгісіз біреулер жас қызды пышақпен қорқытып, телефонын тартып алған.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
Бұл дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған бірқатар жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы