16 Ақпан 2026, 17:18
Фото: pexels.com
Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінді
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында болған магнитудасы 5,3 балдық жер сілкінісін жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық ядролық орталыққа қарасты Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстан ұлттық деректер орталығы жер сілкінісін бүгін, 2026 жылғы 16 ақпанда Астана уақытымен сағат 12:14-те тіркеген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, Қытай аумағында – Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Акчи қаласының солтүстік-шығысында орналасқан. Магнитудасы 5,3 балды, энергетикалық класы – 11,6.