Алматының оңтүстік-батысында жер сілкінісі тіркелді
19 қазанға қараған түні Алматының оңтүстік-батысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша түнгі сағат 1:32-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 669 шақырымда Өзбекстан территориясында орналасқан, деп хабарлады ведомстводан.
Өту Қазақстан аумағында дүмпулер тіркелген жоқ.
Бұған дейін 2024 жылдың 17 қазанына қараған түні Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болғандығы хабарланған болатын. Ол кезде жер сілкінісінің ошағыҚазақстанның оңтүстік астанасынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырымда Қытай территориясында орналасқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы