Алматы өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы энергия тапшылығы: «KEGOC» мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы еліміздің бірыңғай энергожүйесіндегі жағдай туралы өткен брифингте «KEGOC» АҚ жүйелі оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы дистпетчерлік қызметі басшысының орынбасары Нияз Алпысбаев айтты.
Алматының бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорындары, соның ішінде ауруханаларға арналған оттегі өндірушісі, қаладағы екі ірі энергетикалық кәсіпорынның бірі KazFerroStal үшін KEGOC-тың электрмен жабдықтауға шектеу қоюына байланысты жабылуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.
KazFerroStal жағдайына қатысты айтатын болсақ, мәселе нормативтік-құқықтық актілерді түсінбеуге қатысты болып отыр. Олар өздер тұтынатын көлемді сатып алмаған. Компания өздері тұтынатын электр энергия көлемін есептемеген. Қазір желі операторлары арқылы түсініктеме бердік. Олар енді өздеріне қажет көлемді қайта сатып алады. Себебі қорлар бар. Жұмыс істеліп жатыр, деді Нияз Алпысбаев.
KazFerroStal кәсіпорнындағы тапшылық Мойнақ гидро-электр стансасының тоқтауына қатысты емес.
Мойнақ гидро-электр стансасы уақытша су жинап алу үшін тоқтатылған болатын. Себебі қазір су аз болып отыр. Станса оңтүстік өңірде негізгі қозғаушы күш болып отыр. Ол қыста сусыз тұрмауға қатысты су жинау үшін тоқтатылды, - деді ол.