Алматының негізгі капиталына салынған инвестициялар 538,6 млрд теңгені құрады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин онлайн брифингте мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, 7 айдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасы өсімінде оң серпін байқалады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 538,6 млрд теңгені құрайды немесе 119,7%-ға жетті. Инвестициялар негізінен үш көзден тартылған. Оның негізгі үлесі кәсіпорынның өз меншік иелеріне тиесілі – 66%, қарыз қаражаттары – 18%, мемлекеттік бюджет – 16%. Осы жылдың қаңтар-шілде айларында инвестицияның көлемі жылжымайтын мүлікке 255 млрд теңге, көлік және қоймалауға – 65 млрд, өнеркәсіпке- 50,4 млрд, қаржы және сақтандыру қызметіне – 34 млрд теңге тартылды,-деді Оразалин.

Оның айтуынша, 2021 жылы 1,2 трлн теңге сомасына инвестиция тарту, 10 мың жұмыс орнын, соның ішінде 5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы 332,6 млрд теңге сомасына 83 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланған.

Мәселен, 57,6 млрд теңгеге 16 әлеуметтік жоба қарастырылған, атап айтсақ Әл-Фараби даңғылындағы Балет театры, Әзірбаев көшесі, 67 мекен-жайындағы спорттық-медициналық орталық, Д.Қонаев атындағы Академияның жанындағы жатақхана және басқалары. Сауда және қызмет көрсету саласында 38,7 млрд теңгеге 19 жоба қарастырылса, өнеркәсіп саласында 59,6 млрд теңгеге 16 жоба, жылжымайтын мүлік саласында 176,7 млрд теңгеге 32 жоба бар,-деді ол.

Бүгінгі таңда 128,6 млрд теңгеге 19 инвестициялық жобаны, яғни 10 млрд теңгеге 70 жұмыс орнын құру арқылы Спорт және өнер орталығымен қоса Қазақстан Республикасындағы «High Tech Academy» инновациялық мектебі, «Helmer» медициналық-оңалту орталығы, 165 жұмыс орнын құру арқылы 2,5 млрд теңгеге Алматы индустриалдық аймағында автоклавты газобетон шығаратын 2 зауыт және тағы басқа жобалорыды іске асыру аяқталған.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы