Алматының мектептеріне «Ashyq» енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік коммукациялар алаңында өткен брифингте Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин оқушыларға дәстүрлі форматта оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқушылар дәстүрлі форматтағы білім алу жүйесіне қайтып оралу үшін қауіпсіз жағдай жасауымыз керек. Қазіргі кезде осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, – деді спикер.

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин ең алдымен, мегаполистің барлық мектебіне «Ashyq» жобасы енгізіліп жатқанын айтты. Бұл індет жұқтырған немесе онымен байланыста болған адамдарды оқу орындарына кіргізбеу үшін жасалады.

Қазіргі уақытта «Атамекен» аумақтық палатасының хабарлауынша, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің 100% QR-код алды және 1 қыркүйектен бастап «Ashyq» бойынша жұмыс істеуге дайын, – деді Жандарбек Бекшин. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы