Алматының Медеу аудандық сотына 9 мың азаматтық іс келіп түскен

Ауданда өткен жылы 27 мың іс қаралған, екі жыл ішінде істердің түсімі үш есе өскен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Медеу аудандық сотының судьясы Динара Куйкабаева мәлімдеді.

Медеу аудандық соты азаматтық істерді қарауға маманданған. 2023 жылы олардың саны 27 301 құрады, яғни 2 жыл ішінде істердің түсімі 3 есе астам өсті. 2024 жылдың 1 тоқсанында сотқа 9 545 азаматтық іс келіп түсті, ал өткен жылы осы кезеңде 7 480 іс болды, яғни олардың саны 2 мыңға өсті. Талаптардың басым көпшілігі шарттық құқықтық қатынастардан туындайтын даулар болып табылады. Бұл шарттарды бұзу, оларды жарамсыз деп тану, шарттар бойынша, оның ішінде банктер мен коллекторлық ұйымдардың талап - арыздары бойынша берешекті өндіріп алу туралы мәселелер, - деді Динара Куйкабаева.

Дауларды сотқа дейінгі шешу әдістерінің бірі медиация болып табылады - бұл екі тарап үшін де өзара тиімді шарттарда істің нәтижесіне мүдделі емес тәуелсіз медиаторлардың дауларды шешуі.

Медеу аудандық сотында татуластыру рәсімдері арқылы 2023 жылы 4 382 іс аяқталды. Бұл соттың татуласу көрсеткіштері 6 еседен астам өскенін көрсетеді. Бұл сандар кейбір аймақтардың көрсеткіштерін және тіпті бірнеше көрсеткіштерді қамтиды. Оның артында татуластырушы судьялардың орасан зор еңбегі тұр. Ағымдағы жылдың осындай кезеңінде медиация тәртібімен дауды реттеу туралы 117 бітімгершілік келісім және 1202 келісім бекітілді. Яғни, татуласу жолымен өткен жылмен салыстырғанда екі еседен астам іс аяқталды, - деді Медеу аудандық сотының судьясы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы