Алматының барлық мақсатты қаржысы ешқашан жарығы болмаған көшелерді жарықтандыруға аударылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін әкімдікте көше жарығы мәселесін қарадық. Қалалықтардан шағымдар жиі түседі. Қаладағы аулалардың 52%-ы мен көшелердің 26%-ында жарық жоқ. Бағытты өзгерттім: барлық мақсатты қаржыны бұрын ешқашан жарығы болмаған көше мен аулаларға, әсіресе қала шетін жарықтандыруға аударатын боламыз", - деп жазды қала әкімі.
Сондай-ақ, ол энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына тиісті шаралар қабылдауды тапсырғанын атап өтті.
"Алматыны дамытудың басты қағидасы — "шетсіз қала", - деп сөзін түйіндеді Бақытжан Сағынтаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы