Алматының мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімінің өкімімен Ернар Құрмашев Алматының мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Е. Құрмашев 1984 жылы 18 желтоқсанда туылған. 2006 жылы Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ тәмамдаған, 2009 жылы New York Film Academy-де тағылымдамадан өткен.

2007-2018 жылдары 3D-анимация және визуалды әсерлерді дайындаумен айналысатын «Kazakhstan Computer Graphics» ЖШС басшысы әрі продюсері.

2015-2019 жылдары — «Astana Film Fund» кинокомпаниясының директоры. Бірқатар заманауи қазақстандық фильмдердің продюсері болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы