Алматының Қоғамдық кеңесі тұрғындарды вакцина алуға шақырды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов және Қоғамдық кеңестің мүшелері Борис Джапаров, Гүлфайруз Қасымова, Аида Әлжанова алматылықтарға ұжымдық үндеу жолдады.

Өткен тәулікте Алматыда ПТР оң коронавирус жұқтырған 1 403 жағдай анықталды. Жұқпалы аурулар ауруханаларында 6 074 адам (188 бала) бар. Жансақтау және реанимация бөлімінде 434. Сонымен қатар, қалада жеңіл және орташа дәрежелі 13 мыңға жуық науқас бар.

Осыған байланысты, Қоғамдық кеңес мүшелері атап өткендей, алматылықтардың қауіпсіздігі үшін барлық азаматқа екпе егудің маңызы зор. Осы мақсатта қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт мекемелерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 екпе пункттері жұмыс істейді, 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы жұмылдырылған.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, Тұран университетінің ректоры Рахман Алшанов білім беру жүйесі үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың және сапалы білім берудің маңыздылығына тоқталды.

Пандемия – қауіпті және одан құрбан болғандар да бар. Антиваксерлер қайғылы оқиғалар орын алған отбасыларға қарап, олардың қателескеніне көз жеткізсін. Менің ойымша, бүгінде вакциналанудан басқа тиімді әдістер жоқ. Оқуды аяқтау үшін біз барлық студенттерді вакциналануға шақырамыз. Екпе орталықтары барлық жоғары оқу орындарында ашық, олар студенттердің келуіне дайын, - деді Алшанов.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Гүлфайруз Қасымова да, вакциналанудың ғана COVID-19 ықтимал нұсқалары мен зардаптарынан қорғауға көмектесетінін айтты.

Емдеу кезінде көпшілігі халықтық емдеу әдістерін қолданғанын, қолдан келгеннің бәрін жасағанын, бірақ вакциналанбағанын айтады. Бірақ біздің қалада, жалпы республикада ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және ескі өмірге ерте оралуға барлық жағдай жасалған. Дәл осы вакцина біздің елімізді құтқарады, - деді Гүлфайруз Қасымова. 

Ол сондай-ақ әйелдерге вакциналанудың маңыздылығын түсіндіруде ерекше рөл атқарылатынын атап өтіп, барлық алматылық әйелдерді азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ортақ ісіне қосылуға шақырды.

Өз кезегінде, Аида Әлжанова уақытында вакциналанбағандықтан, адамдардың коронавирус жұқтыруының жоғары екенін атап өтті.
Бізде соңғы күндері өлім-жітім көбеюде, өйткені қаламыз - еліміздегі ең көп халқы бар мегаполис. Вирус ірі мегаполистерде өте тез таралады. Одан шығудың жалғыз жолы – вакциналану, - деді Аида Әлжанова.

Ел халқының пандемиядан ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықтың кем дегенде 75%-ына вакциналану қажет. 

Шындығында, әлемнің көптеген елдерінде тапшылық немесе олардың мүлде болмауы жағдайында Қазақстанда вакцина жеткілікті, - дейді техника ғылымдарының докторы Борис Жаппаров.

Оның пікірінше, бүгінде жұртшылық Үкіметің өз азаматтарына жасап жатқан мүмкіндіктерін мүлде елемеуде.

Кез келген қоғамда болған және бола беретін надан адамдардың пікірін тыңдаудың қажеті жоқ. Барлық қазақстандық азаматтық сананы көрсетіп, вакцинацияға баруы керек, - деді Борис Жаппаров.

Еске салсақ, жоғары жиілік бұрынғыдай 20-39 жас аралығындағы контингент арасында тіркеледі - 35,6%, 40 - 59 жас - 24,2% және 60 жастан асқан - 23%, бұл барлық жағдайлардың 83% құрайды. Эпидемиологтарды 60 жастан асқан адамдардың дерт жұқтыруының 1,5%-ға ұлғаюы және 1 жасқа дейінгі балалардың аурухана ауру халде түсулері алаңдатады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы