Алматының кіреберісіне 14 бекет қойылады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында Құрбан айт мерекесі кезінде 14 полиция бекеті жұмыс істейді. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 53 қаулысына сәйкес Алматыға кіреберісте қалаға жануарлардың әкелінуінің алдын алу және жолын кесу үшін бекеттер ұйымдастырылды.

Көлік, оның ішінде жануарларды тасымалдауы мүмкін болатын жүк көліктері тоқтатылатын болады. Осыған байланысты біз азаматтарды саналы болуға, заңға бағынуға және ең алдымен, коронавирустық инфекцияны азайтуға бағытталған талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз. Алдында құрбандық шалудың нақты алгоритмі жарияланған болатын және жаһандық пандемия жағдайында оны ұстанған дұрыс, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы