Алматының кейбір бөлігінде суық су тоқтатылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Бостандық ауданынының кейбір бөлігінде суық су беру тоқтатылды. Бұл туралы «Алматы су» МКК хабарлады.

«20 мамыр күні сағат 09.00-ден 17.00 дейін Бостандық ауданында орналасқан бірқатар көше бойында суық су тоқтатылады. Атап айтар болсақ Жандосов-Науаи-Рысқұлбеков-Саин көшелерінде ауыз су беру уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.

Мекемеден хабарлағандай, суық судың тоқтатылуына алдағы жылу маусымына дайындық үшін құбыр желісін ауыстыру жұмыстары себеп болған. Сонымен қатар осы аумақтағы білім беру және денсаулық сақтау мекемелері де суық судан ажыратылған. Дегенмен арнайы су тасу көліктері оларды ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы