Алматының қақ ортасында ыстық су мен жылу уақытша тоқтатылды

Алматы, BAQ.KZ. «Алматы жылу жүйесі» ЖШС апаттық жағдайға байланысты қаланың белгілі бір аумағына ыстық су мен жылу беруді уақытша тоқтатқандарын мәлімдеді.

Қазыбек би-Қарасай батыр-Қонаев-Достық көшелерінің контурында диаметрі 300 мм құбыр желісіндегі залалды жою үшін ыстық су мен жылу беру уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта «Алматы жылу желілері» ЖШС авариялық бригадасымен зақымдануды жою бойынша жұмыстар жүргізуде, – делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстары жоспар бойынша бүгін кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасатыны айтылған. Сондай-ақ мекеме қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары) өз бетінше іс-қимыл жасамауды және болған оқиға туралы «АлЖЖ» ЖШС апаттық-диспетчерлік қызметіне +7 727 3780665, +7 727 341 0777 нөміріне хабарлауға боады, қоңырау қабылдау сағаты 08:00-ден 18: 00-ге дейін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы