Алматының іргесіндегі Жаңатұрмыс ауылында су жоқ

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары ауыз суға зәру, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Күннің ыстығында ауыз судан тарыққан жұртшылық ауылда судың үнемі болмай қалатын айтып шағымданып жатыр. Айтуларынша, жыл сайын су өшіп, халық қиналады.

Жыл сайын Жаңатұрмыс ауылында сұ құбыры жарылып, ауыз сусыз қаламыз. Бұл мәселені бірнеше рет көтердік. Деенмен жылда қайталанады. Су мәселесі тезірек шешілсе екен, – дейді ауыл тұрғыны. 

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Қарасай ауданының әкімдігіне қарасты Жаңатұрмыс ауылында 6 мамыр күні су құбырының бұзылуына байланысты «Таусамалы Қызмет» МКК апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген. Апат жойылып, сумен жабдықтау қалпына келтірілген. Алайда 7 маусым күні сол жерде тағы да апат болды. Қазіргі уақытта «Таусамалы Қызмет» МКК бригадасы апат орнында жұмыс істеп жатыр. Апаттық жұмыстар 2024 жылғы 7 маусым сағат 16:00-ге дейін аяқталады деп жоспарланған. Сумен жабдықтаудың үзілуіне байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – дейді  Алматы облысының әкімдігі жылғы .

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Egov.press телеграмындағы видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы