Алматының экологиялық жағдайын тексеретін онлайн-карта жасалды

Алматы, BAQ.KZ. Экологиялық көрсеткіштердің онлайн-картасы мегополис тұрғындарына қоршаған ортаның жағдайы, атмосфералық ауаның сапасы туралы кең мағлұмат береді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Жоба - Алматының экологиялық жағдайы жөніндегі барлық мәліметті біріктіретін динамикалық платформа. 

Мониторингтік стансалар әрбір 20 минут сайын онлайн режимінде ауаның жағдайы жөнінде ақпараттық жүйені іске қосып отырады. Мұндағы көрсеткіштер графиктер және цифрлы деректер түрінде беріледі. ПДК индикаторларының динамикасы да көрсетіледі.

Стансалар атмосферадағы ластаушы заттардың көлемін, сондай-ақ ылғалдылық, температура, қысым, желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейді. Кезеңнің орташа мәндері және орташа күндік көрсеткіштері есептеледі, - делінген хабарламада.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған жобаның мақсаты – қарапайым азаматтарға, сарапшылар мен мамандарға онлайн форматта мәліметтер беру. Сонымен қатар жинақталған көрсеткіштер бойынша ауа сапасының және басқа параметрлердің өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін мәліметтер базасы құрылады.

Еске салсақ, қалада ауа сапасына мониторинг жүргізетін 10 станса бар. 

LED-экрандарға ақпараттарды шығару және мәліметтер базасына көрсеткіштерді беру үшін онлайн мониторингтің тағы 10 датчигі іске қосылып, жұмыс барынша сапалы жүргізілетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы