26 Маусым 2023 2023, 16:45
Фото: - архив
Алматының екі ауданында жарық не себепті өшкені анықталды
Алматының екі ауданында – Бостандық пен Алмалыда жарық өшіп қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматының екі ауданында – Бостандық пен Алмалыда жарық өшіп қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында «АлматыЭнергоСбыт» мекемесіне хабарластық.
Жарық 35 киловольт болатын желідегі апаттың кесірінен өшірілді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Айналасы 3-4 сағаттың ішінде қайта қалпына келтіріледі, - дейді «АлматыЭнергоСбыт» мекемесі.