Алматының екі ауданында суық су уақытша өшіріледі

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9 қарашада сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданында Қожанов - Гагарин - Байқадамов - Тәжібаев көшелерінің контурында және Түрксіб ауданының «Шуақты» шағын ауданында су беру уақытша тоқтатылады.

Көрсетілген қалалық секторлардағы тұтынушыларға суық суды уақытша өшіру жаңа инженерлік желілерді сумен жабдықтау жүйесіне қосу жұмыстарын жүргізуге байланысты орындалады. 

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы