Алматының дизайн-коды жеті бағыттан тұрады
Алматы қаласының дизайн-коды кезең-кезеңімен енгізіледі. Жаңа тәсілдергебейімделу үшін 1,5 жыл өтпелі кезең болмақ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин Алматы мәслихатының кезекті XIII сессиясы барысында мәлімдеді.
Бұл құжат қосымшалардың жиынтығы болып табылады, олардың әрқайсысы жеке бағытты қамтиды. Бұрын 6 қосымша болған: сыртқы ақпарат, навигация, қалалық жиһаз, көгалдандыру, қасбеттер мен қоршаулар. Бірақ Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес қалалық нысандарды жарықтандыру бойынша жетінші қосымша қосылды. Жалпы, мұндай тәсіл қаланың эстетикалық тартымдылығы мен танылуын ғана емес, сонымен қатар қаланың барлық тұрғыны мен қонағы үшін жайлы және үйлесімді орта құруға ықпал етеді. Қала басшысының тапсырмасымен дизайн-код кезең-кезеңімен енгізіледі. Жаңа тәсілдерге бейімделу үшін 1,5 жыл өтпелі кезең болады,- дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.
Сонымен қатар ол дизайн-кодты әзірлеу кезінде барлық нормативтік-құқықтық талап сақталғанын айтты. Әкім орынбасарының айтуынша, бұл жоба аясында қала дизайн-кодының сайт сервисі әзірленген. Бұл сайт ақпарат жинауға және білім алмасуға арналған орталық алаң. Сайт жақын болашақтағы дизайн-кодты енгізу кезінде диалог алаңы болады.