Алматының ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеді

Бақ қызметкерлері келушілерді гүлді жұлып, таптамауға шақырды, деп хабарлайды қаладағы BAQ.KZ тілшісі.

Ботаникалық бақтың әлеуметтік желідегі парақшасында бәйшешектер туралы бейнеролик жарияланды.

видеодан скриншот

Көктем келді деп айта аламыз, өйткені ботаникалық бақта алғашқы галантус шықты. Оларды басқа атпен бәйшешек деп те атайды. Әдетте бұл әдемі нәзік гүлдер ақпанда және тіпті қаңтарда гүлдейді, бірақ қарлы және ұзақ қыстың арқасында гүлдеу сәл кешікті. Галантустардың өте нәзік екенін еске саламыз, сондықтан оларға ұқыпты қарауыңызды, көгалдар мен ашық жерлерде жүрмеуіңізді, әсіресе гүлдерді термеуіңізді сұраймыз, – деді Ботаникалық бақ өкілдері.

видеодан скриншот
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы