Алматының Бостандық ауданында 100 аула абаттандырылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жайлы орта құру бойынша жұмыстар барлық жерде жүргізілуде. Аулаларды абаттандырудың міндетті элементтері балалар ойын алаңы, тұрақ, жарықтандыру, көгалдандыру, орындықтар мен урналар болды.
Оның айтуынаша, аталған ауданда 135 ПИК пен ПКСК қызмет көрсететін 1 866 көппәтерлі тұрғын үй бар. Алайда, тұрғындар біртіндеп басқарудың жаңа формаларына көшуде. 529 көпқабатты үйдің тұрғындары 123 МИБ және 290 жай серіктестік құрған.
34 көппәтерлі үйдің тұрғындары «Нұрлы жер» бағдарламасын пайдаланып, 85 лифт жабдығын жаңартты, 11 үй бойынша шатырды, инженерлік желілерді ауыстыру және қасбеттерді сырлау бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, 7 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Алтай Рахымбетов.
Сонымен қатар инвесторларды тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің 4 қасбеті боялыпты. Оған қоса 19 балалар алаңы абаттандырылған, жыл соңына дейін тағы екі алаң пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ Алтай Рахымбетов инженерлік инфрақұрылымның жаңартылғаны туралы айтты. Мысалы, төмен қысымды жерасты газ құбырының 27,1 шақырымы қайта жаңғыртылды, ескірген электр кабель желілерінің 2,9 шақырымы ауыстырылған.
Аулалар мен көшелерді жарықтандыруға көп көңіл бөлінеді. Биыл 155 учаскені жарықтандыру жоспарланған, 140 көшенің жұмыстары аяқталды. Сөзін қорытындылаған аудан әкімі 16 көше мен ұзындығы 17 шақырым болатын жолайрығында орташа жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.