Алматының болашағына қатысты мақсатымыз ортақ болуы тиіс – Сағынтаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынды.
Құрметті достар, Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынбақпын. Тек алматылықтарды ғана емес, біздің сүйікті қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын барлық адамдарды шаһардың басты құжаты болатын жобаға өзінің сындарлы пікірін білдіруін сұраймын. Алматының болашағына қатысты мақсатымыз ортақ болуы тиіс, - деді ол.
Стратегияның толық мәтіні қалалық газеттерде және Almaty-2050.kz арнайы сайтында жарияланады. Мұнда сіздер пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2019 жылдың басты сөзі анықталды
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы