Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды

Алматыда «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» жобасын жүзеге асыру жалғасып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы мен Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі хабарлады.

ББЖ жобасының негізгі міндеті – қаладағы барлық бейнебақылау камераларын бір платформаға біріктіріп, түрлі тапсырмаларға арналған бейнеағындарды көп мәрте пайдалану және нақты уақыт режимінде бейне талдау қалыптастыру.

Бейне талдау түтінді, отты, қалған заттарды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды, киімді, жынысты және бет-әлпетті тану және т.б. негізінде қалыптасады.

Қазіргі уақытта 603 мемлекеттік және 906 жеке нысан бейнеағындарын ББЖ-ға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың бейнекамера қосылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив
Өзгелердің жаңалығы