23 Маусым 2025 2025, 09:30 Фото: pixabay.com

Алматының бірқатар ауданында бүгін су болмайды

24 маусым күні сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін Алматы қаласында Тоlоконников – Жандосов – Береговой – Шаляпин – Сәтбаев көшелерімен шектелген аумақта орналасқан ғимараттарда су болмайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

“Алматы Су” мәліметінше, су өшіру жоспарлы түрде жүргізілетін инженерлік желілерді қайта жаңарту және сумен жабдықтау нысандарында технологиялық жабдықтарды ауыстыру жұмыстарына байланысты. Бұл шаралар сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында іске асырылады.

Осыған байланысты 24 маусымда тұрғын үйлермен қатар келесі мекемелерде де су болмайды:

• Беркембаева атындағы лицей-интернаты;
• Әуезов ауданының ХҚКО;
• Жандосов көшесі, 63 мекенжайындағы колледж;
• Жандосов көшесі, 65 мекенжайындағы техникум;
• Жандосов көшесі, 59 мекенжайындағы экономика академиясы;
• Жандосов көшесі, 51 мекенжайындағы мал шаруашылығы ҒЗИ;
• Қорғаныс министрлігінің госпиталі, Жандосов көшесі, 53.