Алматының бірнеше шағын ауданы судан ажыратылады

Қаланың шағын аудандарында сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы "Алматы су" МКК баспасөз қызметі хабарлады.

25 сәуір күні сағат 00.05-тен 26 сәуір күні сағат 06.00-ге дейін бекіткіш арматураны ауыстыру және таза су резервуарларын жуу бойынша сумен жабдықтау нысандары мен желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады, - деді "Алматы су" МКК баспасөз қызметі.

Су беру тоқтаған уақыт аралығында тұрғындар үшін су таситын көлік белгіленеді.

Орбита 1-4 шағын аудандарында, Таугүл 3 шағын ауданында, Мамыр 1-7 шағын аудандарында, Саин-Жандосов-Яссауи-Шаляпин, Яссауи-Шаляпин-Әшімов-Абай көшелерінің контурында су беру уақытша шектеледі. Білім беру нысандарына автоцистерналармен су жеткізу жүзеге асырылатын болады. Тұрғындар үшін су таситын көлік белгіленеді, су таситын көліктердің жүру бағыттарының кестесі мен сызбасы almatysu.kz.сайтында көрсетілетін болады. Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. “Алматы Су” МКК диспетчерлік қызметі: 274-66-66, 241-26-79, - дейді баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы