Алматының бірқатар ауданында суық су болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 наурызда сағат 9-дан 14-ке дейін Медеу ауданы аумағында орналасқан Байжанов-Қажымұқан-Назарбаев көшелерінің қиылысында орналасқан тұтынушыларға суық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлады «Алматы су» мемлекеттік кәсіпорны. 

Алматы қаласының Алмалы ауданындағы тұрғын үйлер мен көше контурларындағы басқа да объектілерге уақытша суық су берілмейді:

-31 наурызда сағат 9-дан 18-ге дейін Құрманғазы-Шевченко-Наурызбай батыр-Сейфуллин;

-1 сәуірде сағат 9-дан 18- ге дейін  Мақатаев – Райымбек – желтоқсан-Сейфуллин.

1 сәуірде сағат 9-дан 18-ге дейін суық сумен жабдықтау Жетісу ауданының аумағында Райымбек – Сейфуллин – Тобаяқов (т/ж) – Абылай хан көшелерінің қиылысында орналасқан ғимараттарда шектеледі.

Енгізілген шектеулер жаңа су құбыры желілеріне қосылу үшін қажет.

Ажырату кезінде әлеуметтік сала объектілеріне автоцистерналармен су жеткізу ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы