Алматының білім беру саласына 24,9 млрд теңге қарастырылған

Алматы Мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 сәуірден бастап аудандық әкімдіктерге қалалық деңгейден қосымша 15 функция берілді. Осы орайда өкілеттіктерді орталықсыздандыру аясында және нақтылауды ескере отырып, 8 аудандық әкімдіктің 2023 жылға арналған бюджеті 60,4-тен 164,5 млрд теңгеге дейін, яғни 2,7 есе көбейеді. Бұдан басқа аудан әкімдіктерінің штат саны 152 бірлікке ұлғайды, оның ішінде жаңасы – 56, 96-ы қалалық басқармалардан берілді.

Сіздерге бюджетті нақтылауға ұсынылған 265,4 млрд теңге осы жылдың І тоқсанындағы қосымша кірісті қалыптастыру, бюджет қаражатын іштей қайта бөлу және өткен жылдың бос қалдықтары есебінен жүргізілуде. Қосымша қаражат негізінен көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын модернизациялауға, әлеуметтік қамтуға, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, қаланы абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталатын болады Жедел шешімдер қабылдап, оларды нақты іске асыру басты міндетіміз. Сонда ғана біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз, – деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Шаһар басшысы осы шаралардың арқасында аудан әкімдіктерінде жаңа мүмкіндіктер мен қосымша қаржы ресурстары пайда болады, шешімдер қабылдау жылдамдығы мен сапасы жақсарады әрі аудан әкімдерінің халық алдындағы жауапкершілігі артатынын тілге тиек етті.

Бүгінгі таңда өткізілген сатып алу рәсімдерінен үнемделген қаражаттың, сондай-ақ салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуінің арқасында қала экономикасына қосымша инвестициялар салуға мүмкіндік бар. Жалпы нақтылау бюджеттің 74,6 млрд теңгеге қосымша кірістерін қалыптастыру есебінен жүргізіледі.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында 7,7 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын бөлуде. Аталған қаражат қаланың тіршілігін қамтамасыз етудің қызмет атқаруына және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Жалпы, әлеуметтік салаға 2023 жылғы бюджет шығыстарының шамамен 30,4%-ы жұмсалады, бұл шамамен 79 млрд теңге. Білім беру саласына 24,9 млрд теңге қарастырылған. Денсаулық сақтау саласына 8,4 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ 8 денсаулық сақтау нысанын салу бойынша ЖСҚ әзірлеуге 197,8 млн теңге сомасына қаражат көзделген, – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Егемен Қазақстан
Өзгелердің жаңалығы