Алматының әуежайында 1 млрд теңгеден астам декларацияланбаған қолма-қол ақша анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы Алматы әуежайы арқылы шет елдерге декларацияланбаған 1 068 683 092 теңгені жеке тұлғалар қолма-қол алып кетпекші болған. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында ҚР ӘҚБтК 551-бабы бойынша 116 әкімшілік іс толтырып (тауарларды, қолма-қол ақша қаражатын, ақша құралдарын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттардағы мәліметтерді анық емес мәлімдеу), Қылмыстық кодекстің белгілері бар 4 фактінің жолын кескен.
Декларацияланбаған қолма-қол қаражат сомасы 1 068 683 092 теңге, осы бұзушылықтар бойынша айыппұл сомасы 3 383 720 теңгеден астам. Мысалдармен қарастырайық, 2021 жылғы 11 қазанда «Алматы-Франкфурт» әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшу залында ҚР азаматы тоқтатылды, онда 37 000 евро мөлшерінде декларацияланбаған ақша қаражаты анықталды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс толтырылып, 29 170 теңге мөлшерінде айыппұл салынды және өндірілді, - делінген МКК хабарламасында.
Сонымен қатар 2021 жылғы 10 тамызда Алматы қаласының халықаралық әуежайының ұшу залында №140 әуе рейсіне кедендік бақылауды жүзеге асырғаннан кейін, «Тбилиси-Алматы» қатынасымен Беларусь Республикасының азаматы тоқтатылды, онда 30 000 АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша қаражаты табылды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс толтырылып, 29 170 теңге мөлшерінде айыппұл салынды және өндірілді.
2021 жылғы 26 шілдеде «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері Алматы қаласының халықаралық әуежайының ұшу залында «Air Astana» әуе компаниясының «Алматы-Ташкент» бағытындағы №127 рейсімен ұшып шыққан ҚР азаматын ұстады. Ұстау кезінде 100 500 АҚШ доллары, сондай-ақ 85 000 теңге сомасында декларацияланбаған ақша қаражаты анықталды. Материал одан әрі тергеу үшін Алматы қаласы бойынша ЭТД ҚР АФМ-не берілді. Одан бөлек, 2021 жылғы маусымның 5 күні Алматы қаласының халықаралық әуежайының ұшу залында №1721 «Дубай-Алматы» әуе рейсіне кедендік бақылауды жүзеге асырғаннан кейін ҚР азаматы тоқтатылды, онда 90 000 АҚШ доллары сомасында ақша қаражаты табылды. Материал одан әрі тергеу үшін Алматы қаласы бойынша ЭТД-ға берілді, - делінген ақпаратта.
Мемлекеттік кірістер комитетінде атап өткендей, тауарларды кедендік декларациялау кезінде жеке тұлғалар 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасына тең немесе одан аспайтын жалпы сомадағы қолма-қол шетел валютасын және қолма-қол ұлттық валютаны (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін кедендік декларациясыз Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге құқылы.
Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі мен мақсаты туралы мәліметтерді көрсете отырып, әкелінетін немесе әкетілетін қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол Ұлттық валютаның және жол чектерінің барлық сомасына жазбаша нысанда кедендік декларация беру арқылы жүзеге асырылады.