Алматының әуежайы сатылып кетті

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Түркияның TAV Airports компаниясы (Groupe ADP құрамына кіреді) Алматы халықаралық әуежайын сатып алды.

Әуежайдың өткізу қабілеті жаңа халықаралық терминал құрылысына 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу арқылы екі есе артады, бұл әуежайдың өткізу қабілетін жылына кемінде 14 млн жолаушыға дейін екі есе арттырады. Құрылыс үш жылдан аз уақыт ішінде аяқталады деп күтілуде, – деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Енді TAV компаниясы әуежай мен жанармай жеткізу және кейтеринг бойынша қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорын акцияларының 85%-ының бенефициарлық меншік иесі болады.

Қалған 15% VPE Capital басқаруымен Kazakhstan Infrastructure Fund қорына тиесілі. Қордың басты инвесторы – «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ.

Пандемияға дейін Алматы 35 жолаушы және 9 жүк тасымалдаушы әуе компанияға арналған ең ірі аймақтық қатынас торабы болды.

Алматы әуежайы 1935 жылы ашылған және Орталық Азиядағы жолаушыларға ең көп қызмет көрсететін көлік орталығы болып табылады.

Әуежайда екі ұшу-қону жолағы бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы