Алматының аудандарында жол жөндеу жұмыстары басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде инженерлік желілерді салудың барысымен және жол жөндеудің жобаларымен танысты.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы өзінің парақшасында инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүріп жатқан Медеу ауданындағы елді мекендерге жасаған жұмыс сапары туралы айтты.
Көлсай ықшамауданында сумен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапқан соң, су бұру желісі жүргізіледі. Топырақ үйінділерінің беті инертті материалмен жабылады. Дәрігерлік амбулаторияға арналған учаскені немесе үй-жайды анықтау мәселесі шешілуде, - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.Кеңсай саяжайы аумағында ретсіз салынған құрылыстардың салдарынан инженерлік желілерге арналған дәліздер мүлдем жоқтың қасы. Сондықтан тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етудің түрі нұсқалары қарастырылатын болады.
Думан ықшамауданында өткен жылы істен шыққан 19 шақырым сумен жабдықтау және 25,5 шақырым судан бұру желілерін жөндеу жұмыстары қайта жалғасты. Қазір тұрғындардың көрсетуімен атқарылған жұмыстар сынақтан өткізіліп, ақаулар жойылуда. Содан соң 53 көше бойындағы 27,4 шақырым жолды жөндеу басталады.
Алматы әкімі Думан ықшамауданындағы 200 адамға арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жобасымен танысты. «ЖҚЖК» аясында жөнделген Шухов алаңына барған кезде Сағынтаев көліктердің жасыл аймақ арқылы өтуіне тыйым салуды және оған іргелес аумақтарды абаттандыруды тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мас жүргізуші қағып кеткен 4 оқушының жағдайы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы