Алматының аспанын қою түтін басты

Алматылықтар қаланың солтүстік бөлігінде ауаның нашарлауына және қара түтіннің пайда болуына шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы бұл уақытша құбылыс екенін атап өтті.

24 қаңтарда қаланың солтүстік бөлігінде атмосфералық ауаның нашарлауына және қара түтіннің пайда болуына Іле ауданындағы Бірінші Мамыр өнеркәсіптік аймағындағы өрт себеп болды. Сағат 07:00-ден 9:20-ға дейін қара түтін көтеріліп, бірнеше шақырымға созылды. Желдің аздығынан түтін баяу өтіп, қала шегіне шамамен 3 сағат бойы тарады. Айта кетерлігі, сағат 12.00-ден бастап қара түтін Алматы облысының Іле ауданына ауысты. Бұл - уақытша құбылыс, - деді Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: @aitashov
Өзгелердің жаңалығы