Алматының Алатау ауданындағы аурухана жетіспеушілігі: жаңа нысан бой көтере ме

Алматының халқы тығыз қоныстанған Алатау ауданындағы ауруханалар санының жетіспеушілігі жергілікті тұрғындардың денсаулық жағдайларын қаратуға қолайсыздық туғызып отыр. Осыған орай, қала әкімі Саялы шағын ауданындағы амбулатория құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта ауданда бес мемлекеттік емхана жұмыс істейді: №14, 22, 23, 25 және 29. ТМККК мен МӘМС аясында қызмет көрсететін төрт жеке медициналық ұйым бар. Бұған қоса, бір МСАК орталығы мен бес дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Сондай-ақ аудан аумағында 147 орындық модульді стационарда орналасқан қалалық патологоанатомиялық бюро мен Балалар инфекциялық ауруханасының филиалы жұмыс істейді

Қазір ауданда 327 мыңнан астам адам тұрады, бұл көрсеткіш тұрғын үй құрылысының қарқыны мен табиғи өсімнің есебінен артып келеді.

Қазіргі уақытта ауданда бес мемлекеттік емхана жұмыс істейді: №14, 22, 23, 25 және 29. Сонымен қатар ТМККК мен МӘМС аясында қызмет көрсететін төрт жеке медициналық ұйым бар. Бұған қоса, бір МСАК орталығы мен бес дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.

Алайда, осы емханалардың өзі аудан халқына толығымен қызмет көрсетуге үлгермей жатады.

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алатау ауданында халық көп тұрады. Сәйкесінше, жергілікті ауруханаларда кезек өте көп. Дәрігерге уақытылы қарала алмай жатамыз. Мысалы, маманға бүгін көріну керек болса, кезек тек екі аптадан немесе бір айдан кейін ғана бар, дейді. Сондықтан қаланың өзге аймағындағы емханаларға тіркелуге мәжбүрміз. Ауданымызға жаңа медициналық нысандар қажет, – деді Алатау ауданының тұрғыны Меруерт Сәрсембекова.

Әсіресе, медициналық инфрақұрылымның жетіспеушілігі Саялы, Саялы-2 және Боралдай шағын ауданының оңтүстік-батыс бөлігінде қатты сезіледі.

Бүгінде осы аудандардағы 15 мыңнан астам тұрғын 5-10 шақырым қашықтықта орналасқан қаладағы №22 және №29 емханаларға тіркелген. Бұл мекемелер қазірдің өзінде жобалық қуатынан артық жұмыс істеп жатыр.

Бүгін Алматы әкімі Алатау ауданы Саялы шағын ауданында салынып жатқан амбулаторияға барып, нысанды аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты. Қала басшысы амбулаторияны пайдалануға беруді жеделдету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Дархан Сатыбалды медициналық мекеме қысқа мерзім ішінде пайдалануға беріліп, құрылыс сапасы да, науқастар мен медицина қызметкерлері үшін де заманауи талаптарға толық сай болуы керек екенін атады. Атап айтқанда, ол амбулаторияны маммограф, УДЗ және рентген аппараты сынды диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударды. Бұл халық санының өсуі мен профилактикалық қызметке сұраныстың артуына байланысты маңызды.

Жаңа амбулаторияның құрылысы 70%-ға аяқталған. Нысан бір ауысымда 200 адам қабылдай алады. Қазір ғимараттың қасбеті мен ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып, инженерлік жүйелер тартылған, медициналық жабдықтар сатып алынып жатыр. Амбулаторияның іске қосылуы қолданыстағы емханаларға түсетін жүктемені азайтып, медициналық көмектің тұрғындарға қолжетімді болуына мүмкіндік береді, – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Жоба аясында учаскелік дәрігерлерге, педиатрларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсететін мамандарға жайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінген. Ауданда туу көрсеткіші жоғары және халықтың санаты жас болғандықтан, ана мен баланы қорғау да басым бағыттардың бірі болмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы