Алматының Алатау ауданында екі колледждің құрылысы басталды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Алматыға келген сапарында Үкіметке студенттерге арналған жатақханалардың жетіспеушілігі мәселесін шешуді тапсырған. Студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту үшін «Зерделі» шағынауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орынға шақталған кәсіптік-техникалық колледждің құрылысы басталды. Сондай-ақ «Алғабас» шағынауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық инновациялық-техникалық колледждің ғимараты салынып жатыр, – дейді Алатау ауданының әкімі.

Азамат Қалдыбековтың мәліметінше, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 60 көшедегі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жоспарланған 23 мың шаршы метрден 15 мың шаршы метр жол жабыны жөнделді. Ұзындығы 61 км болатын Ф.Оңғарсынова мен Н. Данченко атындағы екі үлкен көшеде жаңа жолдардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Инфрақұрылымды дамыту мақсатында 60 көшедегі жолдарға жөндеу жұмыстары қолға алынды, – дейді аудан әкімі.

Бүгінде Алатау ауданының 85%-ы жарықтандырылған. Жарық нүктелерінің саны – 38 105 дана.

Аудан әкімдігі ішінара жарықтандырылған 378 көшеге шамдары орнатуға ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы 2024 жылы жоспарланған, – дейді Азамат Қалдыбеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы