Алматының 41 мектебінде шахмат пәні енгізіледі

Бастауыш сыныптың оқу бағдарламасына шахмат пәнін енгізу үшін 49,2 миллион теңге бөлінеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков қалалық мәслихаттың кезекті XXII сессиясында айтты.

Шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру мақсатында жаңа оқу жылынан бастап қаланың 41 мектебінің бастауыш сыныптарында шахмат пәнін оқу бағдарламасына енгізу жоспарланып жатыр. Осы мақсаттарға 49,2 миллион теңге бөлінеді, - деді Қанат Сухамбеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com/ru
Өзгелердің жаңалығы