Алматының 20 мың тұрғыны бір апта бойы сусыз отыр

Сусыз отырған Бостандық ауданының тұрғындары эвакуациялық пункттерге көшіруді талап етті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ерменсай ықшам ауданындағы "Орхан" ЖШС-нің су қабылдау станциясында апат болған. Салдарынан 20 мың тұрғын сусыз қалып, жаңбырдың суын пайдаланып, қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатыр. 

Су құбырлары толықтай жеке адамдарға тиесілі. Олар техникалық жағынан қызмет етуге қауқары жетпейді. Бес күннен бері Ерменсай ықшам ауданының 20 мың тұрғыны сусыз отыр. Әкімдікке хабарлассақ қауқарсыз екендерін айтып жатыр. Тұрғындар жаңбырдың суын шелектерге құйып алып пайдаланады. Үйдегі дәретхана істемей, су ақпайды. Бұдан жұқпалы аурулардың эпидемиясына әкеліп соғама деген қорқыныш бар. Кішкентай балалары мен қарттары бар отбасыларға көмек көрсетуді, эвакуациялық пункттерге көшіруді сұрай бастадық. Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік және эпидемиологиялық мәселені болдырмау үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, өз азаматтарына уақытша баспана беретін уақыт келді, – дейді Ерменсай қоғамдық бірлестігінің төрағасы Людмила Сенгирбаева.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарластық. Әкімдік бұл жағдай қатысты жауапты алдағы уақытта беретінін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы