20 Маусым 2020 2020, 15:07
Алматының Түрксіб ауданында 21 жедел топ жабылған нысандарды бақылауда
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуов мәлімдеді.
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуов мәлімдеді.
Алматыда маусымның 20-21 күні карантиндік шектеулер енгізіліп, көптеген нысан өз жұмысын тоқтатқан еді. Осыған орай Түрксіб ауданында жабылған нысандарды бақылайтын 21 жедел топ құрылған.Оның 11-і ведомствоаралық, яғни санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, әкімшілік өкілдерінен тұрады. Қалған 10 топ тек полиция қызметкерлерінен құралған. Олар сауда орындарын, саябақтарды, өзен жағалауларын аралап, коронавирусқа қарсы орындалып жатқан шектеулердің орындалуын қадағалайды, - дейді Бейсеуов.Сонымен қатар, ол түскі сағат 14.00-ге дейін Түрксіб ауданы бойынша 780 мың шаршы метр алаң дезинфекцияланғанын жеткізді.
Оның қатарында 30 көше, 3 парк, 11 саябақ, 1 жағалау және 6 базар, 10 фитнес орталық пен 4 бизнес орталығы бар. Одан бөлек, 4 супермаркет залалсыздандырылды. Үлкен ойын орталықтары кешкі сағат 21.00-ден кейін дезинфекцияланады, - дейді ол.Дезинфекция жұмыстарына 30 техника мен 50 адам жұмылдырылған. Одан бөлек, 460 литр ерітінді қолданылыпты.