Алматының спорт нысандары Наурызды ерекше өткізбекші

Астана, BAQ.KZ.  Almaty Arena мұз сарайында нағыз алаң құрылмақшы. Наурыз мейрамын тойлау кезінде алтыбақандардың тұтас бір паркі орнатылмақшы. 

«Домбыра party» музыкалық сайыстары және  ұлттық спорт ойындары жарыстарына арнайы аумақтар ұйымдастырылады. 
Мерекедегі тағамдарға қаланың 10 мейрамханасы қатысатын дәстүрлі Big City Picnic көше тағамдары фестивалі  өткізіледі.
Almaty Art Center орталығында бірден екі мерекелік – көркем және қолөнер көрмелері ашылады. 

Halyk Arena мұз кешенінің негізгі мерекелік сахнасы Құлжа күре жолы көшесінің кіреберісіне орналастырылмақшы. Бұл жерге киіз үйлер, тағам сатылатын шағын вагондар және бірнеше алтыбақан құрылмақшы. Halyk Arena-ның сырғанау айдынында мәнерлеп сырғанаушылар өз өнерлерін көрсетеді. 

Алматы қаласының екі мұз кешенінде барлық мейрам күндерінде конькимен жаппай сырғанау сағат 11.00-ден сағат 23.00-ге дейін өткізіледі.

Жергілікті тұрғындардың сүйіспеншілігіне ие болған Sunkar халықаралық шаңғы трамплиндері кешені де, мейрам кезінде отбасылық демалыс ұйымдастырады. Қала тұрғындарына зип-лайн және роупджампинг аттракциондары, мотокросс-шоуы, балалар батуты, квадрациклдар мен баггилерде сырғанау ұсынылып, оларға шаңғышылар өз шеберліктерін көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы