Алматының Наурызбай ауданында кәріздік желілер жөнделіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су құбыры арналары мен кәріздік желілер құрылысы Ақжар, Жайлау, Қарғалы, Құрамыс, Тастыбұлақ, Таужолы, Шұғыла шағын аудандарында, Қарғалы су тарту құрылыстары мен су дайындау стансасында, Қарағайлы және Таусамалы шағын аудандарында жүргізілуде, деп хабарлады қала әкімдігі.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «Шетсіз қала» қағидаты бойынша Наурызбай ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, аумақтарды абаттандыру және тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарда салу бойынша ауқымды жұмыстар басталды, - деп хабарлады Б. Дәндібаев.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жобаларды жүзеге асыруға 1,6 млрд тг бөлінді.
Сонымен бірге өткен жылдан бері коммуналды инфрақұрылым құрылысы бойынша ауқымды жұмыс басталды. Қазіргі уақытта 7 шағын ауданда су құбыры арналары және кәріздік желілердің, Қарғалы су тарту және су дайындау стансасының, Қарағайлы және Таусамалы шағын аудандарында құрылыс жүргізілуде.
2021 жылы сараптаманың оң қорытынды алынғаннан кейін су тарту құралының және Ақсай су дайындау стансасының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Тек осы мақсатта 2020 жылы бюджеттен 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жалпы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету және бүкіл ауданға су бұру жұмыстарын алдағы 3 жылда аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Б. Дәндібаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қорғаныс министрі гарнизон басшылығын қатаң сынға алды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы