Алматының инвестиция жағдайы тұрақты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия кезінде сауда-саттықтың төмендеуіне қарамастан, Алматы қаласының инвестиция жағдайы тұрақты. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин онлайн брифинг барысында айтты. 

Оның айтуынша, Алматы экономикасына салынған инвестициялар карантинге қарамастан 10%-ға өскен.
Өнеркәсіп көрсеткіші бойынша, сауда мен қызметтердің төмендеуіне қарамастан, біз әлі де тұрақтылықты сақтап келеміз. 7 айда көрсеткіш 100,9%-ды құрады. Өндірілген өнімнің жалпы сомасы 420 млрд тг. Біз Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығы қарқынының төмендемегенін атап өткіміз келеді. Өйткені 8 ай ішінде алдын ала 500 млрд тг жинадық», - дейді Еркебұлан Оразалин.
Сондай-ақ, ол осы аралықта инвестициялар блогы бойынша нақты көлем индексі 110%-ды құрағанын айтты. Бұл қаланың инвесторлар үшін әлі де тартымды екенін көрсетеді.
Инвесторлар осында келіп, ақша салуда. Бұл болашақта қосымша ақшалай қаражатпен қолдау көрсетілетін қала экономикасының пандемияның күрделі кезеңінен кейін қалпына келуі үшін өте маңызды», — деп түсіндірді Оразалин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы