Алматыны дамыту жоспары 5 қыркүйекке дейін қабылданады – Ерболат Досаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қала әкімдігі биыл екінші тоқсанда мегаполисті дамыту бағдарламасын әзірлеген. 

Қала әкімдігі осы жылдың екінші тоқсанында Алматы қаласын дамыту орталығымен бірлесіп және түрлі салалардан 40-тан астам тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарының негізгі басымдықтарын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын» әзірледі. Биыл 27 маусымда қоғамдық талқылау үшін Даму жоспарының негізгі басымдықтарының жобасы жарияланды, - деп атап өтті оңтүстік астана басшысы. 

Белгілі болғандай, жоспар 13,6 мыңнан астам қаралым жинаған.

Біз 400-ге жуық  адамнан 1280 пікір мен жауап алдық. Ұсыныстардың басым бөлігі жайлы қалалық ортаны құруға және экология мен абаттандыру мәселелеріне қатысты болды. 4 шілдеде «Даму жоспарының негізгі басымдықтары» таныстырылды және Мәслихат депутаттары мен сыртқы сарапшылардың қатысуымен өткен Қоғамдық кеңес отырысында мақұлданды. Алматыны дамытудың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі жоспар алдағы 2 айдың ішінде – осы жылдың 
5 қыркүйегіне дейін бекітілетін болады, - деді Ерболат Досаев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы