Алматының бірнеше ауданында суық су болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының бірнеше ауданында бір күн суық су болмайды, деп хабарлады «Алматы су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.  

8 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 17:00-ге дейін Төле би - Қожамқұлов - Гоголь - Шәріпов көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады. 

Сонымен қатар, 8 қыркүйек күні сағат 9:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін Розыбақиев- Малахов – Әл Фараби – Ә. Кекілбайұлы көшелерінің бойында орналасқан үйлер мен ғимараттар суық судан ажыратылады. 

9 қыркүйекте 9:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін Б.Майлин – Ж. Ахметов – Рыбинская – Закарпатская көшелерінің бойында орналасқан үйлер мен ғимараттар суық су берілмейді. Сондай-ақ, Алтай-1 және Алтай-2 шағын аудандарында су құбырындағы қысым төмендейді. 

Суды өшіру магистраль желілеріне жаңа су құбырларын қосу үшін және желідегі технологиялық құрал-жабдықтарды ауыстыру үш қажет. Мекеме уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды, - деп хабарлады «Алматы су» кәсіпорны.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы