Алматының бас санитары карантинге жатқызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымова карантинге жатқызылды.
Ол бұған дейін коронавирус инфекциясы анықталған Германиядан келген жолаушымен бір ұшақта болған. Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы 10 наурызда Франкфурттен ұшып келген.
Айзат Молдағысымова 13 наурыз күні ертеңгісін жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланды. Ол кісіге тест жасалды, – дейді Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің финалына шықты
Өзгелердің жаңалығы