Алматыны ауызсумен толық қамту 2023 жылы аяқталады – Сағынтаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар кызметіндегі баспасөз конференциясында Алматы қаласының әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылдың 10 айының қорытындылары туралы айтты.
Алматы қашанда Елбасы мен президенттің назарын сезінеді және болашаққа батыл қарайды. Қала жылдам дамуда. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасы және оның алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша берген тапсырмасы жүйелі жүзеге асуда, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Оның айтуына қарағанда, 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қала экономикасының барлық салаларында оң динамика байқалады. Өнеркәсіп - 5,1%-ға, инвестиция - 3,1%-ға, бөлшек сауда - 11,8%-ға, көтерме тауар айналымы - 1,3%-ға, құрылыс 3,2%-ға өсті. Тұрғын үйді іске қосу 8,8%-ға (1 552,5 мың шаршы метр) ұлғайған.
Алматылықтардың нақтылы табысы 6,7%-ға өсті: биылғы жылдың 3 тоқсанында орташа айлық жалақы 220 мың теңгеден асты. Жыл басынан бері 40,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыз азаматтарды және NEET санатындағы жастарды еңбекпен қамту бойынша жекелеген жұмыстар жүргізілуде, - дейді әкім.
Сонымен қатар ол, еңбекпен қамтудың 12 мобильді орталығы құрылғанын атап өтті.
Қалалықтарды ауызсумен 100% қамтамасыз ету басты мәселенің бірі деп есептеймін. 23 ықшамаудандағы 105 мың тұрғынды ауызсумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін барлық жұмыстарды 2023 жылы аяқтауды жоспарлаудамыз, - деп атап өтті Алматы әкімі.
Сонымен қатар, бұрын жарығы болмаған 208 көшеге сыртқы жарық орнатудың құрылысы аяқталды. Келер жылы 1176 көшені жарықтандыру реттеледі. Осылайша жарықтандыруда 100% көрсеткішке қол жететін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы