Бүгiн 2026, 11:17 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Алматылықтың көлігінен 25 млн теңгенің есірткісі мен қару табылды

Жалпы салмағы шамамен бір келіні құрады

Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері синтетикалық есірткінің заңсыз айналымының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, екі күдікті ұсталған. Олардың көлігін тексеру кезінде жүксалғыштан өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған орамдар табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген зат синтетикалық есірткі болып шыққан. Оның жалпы салмағы шамамен бір келіні құраған, бұл қара нарықтағы құны 25 млн теңгеге жуық мыңға тарта бір реттік дозаға тең.

Бұдан бөлек, көліктен қолдан өзгертілген белгілері бар кесілген мылтық пен оқ-дәрілер табылған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Батуржан Абдумасаров мұндай операциялар азаматтардың, әсіресе жастардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, қарудың табылуы мұндай қылмыстардың қоғамдық қауіптілігін одан әрі күшейте түседі.